Автор Тема: Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту  (Прочитано 4026 раз)

0 Пользователей и 1 Гость просматривают эту тему.

Оффлайн abdikalykov

• Тренер
• ИПК Өрлеу

• Сообщений: 5
• Karma: +0/-0
• Пол: Мужской
Құрметті әріптестер. Мен сіздерге мынадай ақпарат салып отырмын. Ол әрбір мұғалімге қажет болуға тиісті. Енді сіздерге не керектігін білгім келеді?
Қоғамға функционалды сауатты, нәтижеге жұмыс істеуге және маңызды жетістіктерге жетуге қабілетті тұлға қажет. Оқушылар арасындағы функционалды сауаттылықтың қалыптастырудың жоғары деңгейі қоғамда тиімді қызмет етудің қабілеттілігіне, өзін-өзі анықтауға бағытталған қабілет, өзін-өзі дамытуға және қалыптастыруға бағытталған.
2011-2020 жылдарға ҚР білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған Мемлекеттік бағдарламасы біздің оқушыларымыздың PISA халықаралық зерттеулерінде мақсатты индикаторларды анықтады, оның ішінде 2015 жылы 50-55 орын, 2018 жылы 40-45орын.
2013 жылы PISA-2012 нәтижелері ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) тарапынан жарияланды. Аталмыш зерттеу нәтижесінде, 65 елдің ішінде қазақстандық қатысушылар математика бойынша- 49, ғылыми жаратылыстану пәндері бойынша -52, ал оқу сауаттылығы бойынша 63-орынды иеленді.
Қазақстанның аталмыш халықаралық зерттеуге қатысуы біздің оқушыларымыздың дайындық деңгейлерін әлемнің басқа да елдерінің оқушыларының дайындық деңгейімен салыстыруға, білім беру сапасын бағалауда соңғы әлемдік жетістіктерге сәйкес келетін зерттеулердің нәтижелерін сараптау мен оқу жетістіктерін бағалауға мүмкіндік береді.
Қазақстанның PISA қатысуының нәтижелері еліміздегі жалпы білім беру мектептерінің педагогтары жоғары деңгейдегі пәндік білім береді, бірақ өмірлік жағдайларды оларды қолдануға жеткілікті түрде үйретпейтіндігін көрсетті. Сонымен қатар, мұғалімдер логикалық, сыни және конструктивті ойлау негіздері қалыптастырудың тиімді әдістерін жеткілікті дейгейде білмейтіндері аңғарылды.
Елбасының тапсырмасы бойынша Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық жоспар қабылданды. Жоспардың мақсаты – оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Сонымен қатар, ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады. Бұл – дәстүрлі мектеп моделінен ұтымды модельге, әрі қарай феноменальді модельге «үш адым» ілгері аттау дегенді білдіреді.
Осы мақсатқа қол жеткізу арқылы Қазақстан оқыту деңгейі мен сапасы жағынан жетекші елдер тобына қосылады. Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықты дамытудың төрт негізгі механизмін бөліп қарауға болады. Бұл механизмдер бойынша белсенді жұмыс атқарып жатырмыз.
Бірінші механизм - оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту.    «Дамытушы оқулықтар» жобасы іске аса бастады. Сонымен қатар оқушылар мен мұғалімдердің субъектілік рөлін дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық технологияларды енгізу басталды. Осы орайда, барлық білім жүйесіне Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін таратудың маңызы зор. Бұл жұмыс, ең алдымен 35 пилоттық мектептен басталады. Кембридж университетімен бірлесіп әзірленген оқу бағдарламалары, жоспарлар мен әдістемелер енгізіледі. Осылайша, біз 12 жылдық оқыту әдіснамасы мен мазмұнының жаңа негізін саламыз.
Екінші механизм - оқу нәтижелерін бағалау жүйесін жаңарту. Функционалдық сауаттылықты дамыту білім - түсіну - қолдану - жүйелеу және жинақтау-бағалау сияқты критерийлер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдерін талап етеді. Біз мұндай жүйені әлемдік тәжірибені жан-жақты зерттеу арқылы енгіземіз.
Қазіргі біз қолданып отырған жүйеде 5, 4 және 3 деген бағаларды не үшін қоюға болатыны нақты анықталмаған. Функциональдық сауаттылықты дамытуда оқушылардың жетістіктерін мониторингтеу мен кешенді бағалаудың маңызы ерекше. Олар ұлттық және халықаралық бағалау жүйелері арқылы жүргізіледі. Ұлттық жүйеден – жыл сайын өтетін оқу жетістіктерін ішкі бағалау мен Ұлттық бірыңғай тестілеу.
Функциональдық сауаттылықты дамытудың үшінші механизмі – балаларды оқыту мен тәрбиелеуге ата-аналардың белсенді қатысуы. Бұл үшін жаңа әдістемені әзірлеуге кірістік. Осы әдістеменің негізінде ата-аналарға арналған семинарлар мен тренингтер өткізіледі. Аталған жұмысқа Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) және азаматтық қауымдастықтың басқа да секторлары белсенді тартылған. Жақында Министрлік жанынан Білім беру саласындағы қоғамдастықпен байланыс жөніндегі кеңес құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, танымал ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, бизнес және үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері кірді. Кеңестің бірінші отырысы болып өтті. Онда ең жауапты мәселелер, оның ішінде функционалдық сауаттылықты дамыту мәселесі талқыланды. Алдағы уақытта аймақтық деңгейлерде де, мүмкін облыс әкімдерінің жанынан осындай кеңестер ашылады деп үміттенеміз.
Кеңестер қоғам мен білім саласының өзара байланысын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді. Бұл - Елбасының тапсырмасын барлық вертикаль бойынша орындауға өте тиімді.
Төртінші механизм - қосымша білім беру жүйесін дамыту. Ұлттық жоспарда оқушылар сарайы, музыка мектептері, жас техниктер мен натуралистер станциялары жұмыстарын түбегейлі өзгерту қарастырылған.
Қазақстанның тарихында алғаш рет аталған ұйымдардың материалдық техникалық базасы жаңартылатын болады. Оқытудың жаңа технологиялары мен интерактивтік, инновациялық формалары енгізілетін болады. Олар: балалар интерактивті парктері (ғылыми қалалар), технопарктер, балалар мұражайлары, ғылыми үйірмелер және т.б. Қазірдің өзінде жас техниктер мен натуралистерге және басқа категорияларға арналған балалар танымдық журналдары шығарыла бастады. Осылардың бәрі - тұлғаның кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауына мүмкіндік береді.  Оқушылардың бойында шығармашылық және инновациялық қызметке деген қажеттілікті қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл жерде аймақтар әкімдерінің қолдауы өте қажет.
Өйткені, оқушыларды қосымша біліммен қамту бар болғаны 21%-ды ғана құрайды. 2016 жылы қамтуды 50%-ға жеткізу қажет.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалай дамытуға болады?
Пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады. Ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамыту құралдарына тапсырма түрінде берілген пәндік БЕД жатады, ал ұйымдастыру формасына – проблемалық жағдайлар жатады. Осыған байланысты, ойлау дағдыларының өзі БЕД-тердің құзыреттілікке көшуінің құралы ретінде қызмет атқарады, яғни функционалдық сауаттылығы.
Республикамызда педагог қызметкерлердің қосымша білім мен дағдылар көлемін алудағы білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру, қазақстандық мұғалімдерге қарқынды өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуға көмектесуге негізделген. Білім берудегі Кембридж тәсілінің теориялық негіздерін  оқыту бағдарламасының жүзеге асырылуы – Елбасының білім мен ғылым жолында түбегейлі өзгеріс енгізуге жол ашқан тамаша мүмкіндігі.
Бағдарламаның негізгі зерттеушілік идеялары сындарлы оқыту теориясына негізделген (Vygotsky, 1978;  Wood, 1998). Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Күтілетін нәтижелер:
•   оқушылардың қалай оқу керектігін үйренуі;
•   еркін, өзіндік дәлел- уәждерін нанымды жеткізе білуі;
•   ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастарының жүйелі дамуы;
•   қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгеруі;
•   сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушының қалыптасуы.
Оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі басты назарға алынады.
Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас түбегейлі өзгерісті талап етеді. Яғни дәстүрлі оқулардағы оқушы мен шәкірт арасындағы көп жағдайларда оқушы көңілін қанаттандыра бермейтін қалыптасқан заңдылықтар ұстаз бен шәкірт арасындағы серіктестік қарым-қатынасқа ауысады.
Оқушы білімді өз бетімен меңгеріп, өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарайды. Әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігі ұлғаяды. Құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасайды. Белсенді түрде білім жинақтайды. Осының бәріне мұғалім көшбасшылық етіп, бағыт-бағдар беріп отырады. Оқушы оқу үдерісіне мұғаліммен бірге араласып отырады. Тіпті өзінің және сыныптас достарының білімін бағалауда да өз үлесін қоса алады. Ол үшін бағлау критерийлеріне сүйене отырып, топпен, жұппен немесе жеке жауап берген балалардың еңбегін формативті бағалау оқушының әрі қарай ынталанып оқуы үшін үлкен ықпал етеді. Мектеп тәжірибесінде табысты қолдануға ықпал ететін әдістемелік сипаттағы бірқатар жалпы ұсыныстардан тұратын Бағдарламаның жеті модулі:
-   оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;
-   сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
-   оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;
-   оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
-   оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;
-    оқытудағы басқару және көшбасшылық болып келеді.
Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде оқыту мен оқудағы жаңа жаңа әдіс-тәсілдермен қаруланған біршама ұстаздар қауымы өз мамандығына деген сүйіспеншілігі арта түсіп, жаңа нәтижелерге жетуде, шәкірттерінің жаңа белестерді меңгеруіне жол ашуда.

Оффлайн Юрий

• ИПК Өрлеу

• Сообщений: 1
• Karma: +0/-0
• Пол: Мужской
очень хорошо. медаль вам!!!

Оффлайн Жунусова Дина

• ИПК Өрлеу

• Сообщений: 2
• Karma: +0/-0
• Пол: Женский
Өте керемет жазылған, Рахмет сізге!

Оффлайн BAT

• ИПК Өрлеу

• Сообщений: 4
• Karma: +0/-0
Сіздің пікіріңізбен келісемін! Өте керемет!

Оффлайн SANDU

• ИПК Өрлеу

• Сообщений: 2
• Karma: +0/-0

Курс тыңдаушысы ретьінде  «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының»  АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ  БАИ аға оқытушысы  Разбекова Зауре Кайыровнаға алғысымды білдіремін. Алып жатқан ақпараттарды   іс-тәжірибемде қолданамын.

Оффлайн SANDU

• ИПК Өрлеу

• Сообщений: 2
• Karma: +0/-0
Курс тыңдаушысы ретінде  «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының»  АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ  БАИ аға оқытушысы  Разбекова Зауре Кайыровнаға алғысымды білдіремін. Алып жатқан ақпараттарды   іс-тәжірибемде қолданамын.  Зауре Қайыровнаға шығармашылық табыс, денсаулық, алдағы қойған мақсаттарына жетуіне тілектеспін!

Оффлайн DianaAliSt

• DianaAliStRI
• ИПК Өрлеу

• Сообщений: 1
• Karma: +0/-0
• Пол: Мужской
Крым Ялта Обзор Отеля "Вилла Мишель"
Крым Ялта Обзор Отеля "Mriya Resort & Spa"
Крым Ялта Обзор Отеля "Ялта Интурист"
Бесплатная реклама в Крыму
КАНАЛ ЮТУБ
ВСЕ О КРЫМЕ
Гостиницы и Отели Крыма

Оффлайн FJJonathan

• #file_links["C:\xxxxxxx2\Logs\vustenro.ru\links.txt",1,L]
• ИПК Өрлеу

• Сообщений: 1
• Karma: +0/-0
• Пол: Мужской
• #file_links["C:\xxxxxxx2\Logs\vustenro.ru\links.txt",1,L]
Лучший интернет Дом.ru
Провайдер дом ру спб яндекс
Телефон дом ру екатеринбург интернет провайдер йота

Оффлайн ViaNineSAM

• ИПК Өрлеу

• Сообщений: 1
• Karma: +0/-0
Viagra has altered a sexual existence For numerous Gentlemen in this day and age.
this link www.bestviagraoriginals.com
bestviagraoriginals online
http://bestviagraoriginals.com/ home page - bestviagraoriginals.com
Whenever you realize that ED is an extremely tender and vital issue then You should try out Viagra and Enable it allow you to with obtaining an erection and sexual intercourse generate back again. You should Call us straight away and explain to us what sort of troubles you've. Our operators should be able to solution the many issues and let you know which sum you require. Our administrators are working hard so as to fulfill every single shopper and Make certain that your impotency is not a difficulty anymore.